Меню KDT

Мектеп тарихы

Мектеп тарихы

 

      «Мектеп –кеме, білім-теңіз» десек, сол білім теңізінде шұғылалы сәуле шашып, нұр құятын- мектеп. Мектеп – молқазынасы мөлдіреп жатқан әлемнен өзіне керек баға жетпес білім атты байлықты алып, өміріне сарқылмас нәр жиып беретін алтын ұя! Ел тірегі, көркі- білімді саналы ұрпақ. Қазақ мектебінің болашағы туралы  М. Жұмабаев  «Әр бір елдің келешегі- мектебіне байланысты» деп айтқандай  1991 жылы  Алматы облысы Іле ауданында №12 қазақ мектеп оқушыларға есік ашты. Әр баланың егеменді елдің ертеңі болуына,  туған жердің қасиетін дарытып, ана тілінің  жанашырына айналуына айрықша үлес қосқан мектеп 2000 жылы №164 қазақ орта мектеп болып Алматы қаласы Жетісу ауданының құрамына енді.  Осы жылдары оқушы саны 405-ке дейін жеткен.

       2007жылы Алматы қаласында 7-ші аудан Алатау ауданының ашылуына байланысты осы аудан құрамына енгізіліп, №164 жалпы білім беретін мектеп болып өзгертілді. Алғаш мектеп ашылған кездегі мектеп басшысы болып Култанов Асан Қасымбекұлы сайланды. мектеп ашылғалы Тохмолдаев Нуркасым Молдасанұлы.,Оспанова Райхан., Бейсенбаев Ғани Бектайұлы., Сембаев Бекет Сләмғазыұлы., Искаков Әлішер Искакұлы., Бәйімбек Елеусіз Мұқайұлы басшылық етті.

       2013-2014 оқу жылынан бастап, қазіргі таңға дейінгі мектеп директоры Дархан Сатылғанұлы Накысбеков басқарады.

     Бүгінгі күнде бұл мектепте 635 оқушы білім алуда, 72 мұғалім жұмыс істейді.Біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы санаты – 19 мұғалім ( оның ішінде Қазақстан білім беру ісінің үздігі- 1 мұғалім,   «Білім беру үздігінің» төс белгісінің иегері-1 мұғалім), біліктілігі жоғарғы деңгейдегі І санатты - 19 мұғалім, біліктілгі жоғарғы деңгейдегі ІІ санатты – 13 мұғалім, мектебімізде биылғы оқу орнын бітірген 19 жас маманмен қамтылған. Біліктілік деңгейін көтеру мақсатында 8 мұғалім деңгейлік курсты бітірген. Оқу үрдісі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жүргізіледі. Оқу мекемесінің бейіндік бағыты – гуманитарлық және жаратылыстану бағыты.     

       Оқушылардың заман талабына сай жан-жақты білім алуына барлық жағдай жасалған. Мектепте оқушы бойындағы талап пен талантты жетілдіру мақсатында әр-түрлі факультативтік және үйірме сабақтары жүреді. Хореография, домбыра үйірмелерімен қатар спорт сүйер оқушыларға арналған «тоғызқұмалақ, дзюдо» үйірмелері жұмыс істейді. Бүгінгі таңда білім беру мекемелерінің алдында өз бетінше іздене алатын, өзіне қажетті білімді өз бетінше ала алатын тұлға тәрбиелеу міндеті тұр. On our popular website you can compare uk casinos and there reviews. Read best online uk casino reviews and ratings including list of games, complaints, latest bonus codes and promotions. Бұл міндетті жүзеге асыруда оқыту технологиялардың алатын орны ерекше. Мектепте 32 оқу кабинеттері мен 3 зертхана жұмыс істейді. Соның ішінде 1 мультимедия, 2 информатика, арнайы жабдықталған физика, химия, биология, алғашқы әскери дайындық кабинеттері бар. Мектепте 12 интербелсенді тақта оқушылардың сапалы білім алуына қызмет етеді.

       Мектебімізден түлеп ұшқан оқушыларымыз:

  1. Жұбашев Алмат - қалалық ауруханада нейрохирург,
  2. Тасболатова Айман - №21 емханада педиатр;
  3. Қадырбеков Азамат - ҰҚК қызметкері;
  4. Дадабаев Рауан- спорт шебері, мектеп мұғалімі;
  5. Байхадамова Айжан - заңгер

 

   Мектеп ұжымы білімді ұрпақ тәрбиелеуді басты мақсат деп ұстанып, алдағы уақытта да шынайы шығармашылықпен жұмыс жасайды.

Мектеп директоры Шакенова Камар Ералиқызы

Оқу ісінің меңгерушісі Какенова Бахыткуль Полатовна

Опрос

Статистика

  • Осы айда16
  • Осы аптада5
  • Кеше1
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки